Ертең Түркі кеңесінің саммиті басталады

Ертең Түркі кеңесінің саммиті басталады
Сурет: Еgemen.kz

Бұдан бұрын осы шараға қатысу үшін мемлекет басшысының Түркияға барғанын хабарлағанбыз.

12 қарашада Ыстанбұлда Түркі кеңесі мемлекеттері басшыларының VIII саммиті өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар» тақырыбына арналған саммитке Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан президенттері, сондай-ақ Мажарстан Премьер-Министрі мен Түркі кеңесінің бас хатшысы қатысады деп жоспарлануда.

Мемлекет басшылары ұйымның орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылайды. Бүгін, өз кезегінде, қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Саммит аясында қол қойылатын түпкілікті күн тәртібі мен құжаттарды дайындайды.