Ертең – мектепке құжат қабылдаудың соңғы күні

Ертең – мектепке  құжат қабылдаудың соңғы күні
Сурет: Оtyrar.kz

Осы уақытқа дейін бірінші сыныпқа қабылдау үшін 325 мыңнан астам өтініш түскен. 

Мектепке бару үшін құжат қабылдау 1 сәуірде басталған, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ата-аналардан ертең құжат қабылдаудың соңғы күні екендігіне назар аударуды сұраймыз . Бұл мерзім болашақ оқушылардың ата-аналары мектепті алдын ала анықтап, қажет құжаттарды уақытылы тапсырып, балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етуі үшін берілді», - деп ескертеді Білім және ғылым министрлігі.