Ертең халық ауыл әкімдерін сайлайды

Ертең халық ауыл әкімдерін сайлайды
Сурет: Facebook.com

Бүгін «үнсіздік күні».

Осы жаздың маңызды саяси оқиғасы шілденің 25-іне белгіленді. Бұл күні бұқара 730 ауыл әкіміне дауыс береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған маңызды қадамдардың бірі. Өйткені реформа жергілікті басқару жүйесіне қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертеді. Яғни ауыл тұрғындары өздерінің көңілінен шығатын және әлеуметтік талаптарын орындай алатын әкімін таңдайды. Соңғылары да жергілікті халықтың қолдауына ие болса, өзінен жоғары тұрған аудан басшысы алдында да белгілі бір саяси салмаққа ие бола алады», – дейді құқық қорғаушы  Шыңғыс Лепсібаев

Ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімі өзгерген жоқ. Олар бұрынғысынша 4 жылға сайланады. Ескерте кетейік, бұрын ауыл, елді мекен немесе аудан әкімдеріне кандидатты қала басшысы ұсынатын. Сөйтіп, жергілікті мәслихат депуттары дауыс беріп сайлайтын еді.