Ертең бірқатар өңірде күннің райы қолайсыз болмақ

Ертең бірқатар өңірде күннің райы қолайсыз болмақ
сурет: Turkystan.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде ертең бұршақ аралас жауын жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік, солтүстік өңірлерде дауыл тұрады. Соңынан бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ал Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында күн ыстық болады. Мамандар бұл аймақтарда өрт қаупінің жоғары екенідігін ескертеді.