Ертең Астанада қар жауады

Ертең Астанада қар жауады
сурет: Аstana.gov.kz

Жаңбыр қарға ұласады.

Қазгидромет 27 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ауысады). Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 27 қыркүйекте Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының солтүстігінде және батысында шаңды дауыл соғады. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.