Ертең Алматыда дабыл соғылады

Ертең Алматыда дабыл соғылады
Сурет: ТЖД баспасөз қызметі

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабырлық сақтауға шақырады.

21 желтоқсанда сағат 10.10-да Алматыда азаматтық қорғау дабылдары соғылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2021 жылдың 21 желтоқсанында елімізде республикалық жүйеде тексеріс болады деп жоспарланған», - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.