Ертеңнен бастап елордада жаңа шектеулер енгізіледі

Ертеңнен бастап елордада жаңа шектеулер енгізіледі

Қала эпидахуал матрицасы бойынша «сары» аймаққа кірді.

Елордада коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсуіне байланысты карантиндік шектеу шаралары қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шектеу шаралары:

- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;

- COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;

- адам көп жиналатын орындарға (сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базар, концерт зал, театр, кинотеатр, стадион, спорт ғимараттары) барған кезде, сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және тамақтану кезінде қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде тағу ұсынылады;

- 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін жиындарды онлайн форматқа көшіру ұсынылды;

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты себепсіз адам көп жиналатын орындарға бармауға, шектеу шараларын сақтауға шақырады.