Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді
Сурет: Рrimeminister.kz

Жиында кәсіпкерлікті реттеу жайы сөз болады.

Сейсенбі, 31 қаңтарда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.

Күн тәртібінде:

  1. Кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру барысы;
  2. 2022 жылдың II жартыжылдығында орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу қорытындылары.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Сондай-ақ онлайн-трансляция UKIMET Telegram-каналында жүреді.