Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді
Сурет: Рrimeminister.kz

Тұрғын үй саясаты отырыстың бас тақырыбы болмақ.

Сейсенбі күні, 5 шілдеде, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күн тәртібінде:

  • Тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді іске асыру;
  • Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту шаралары.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінен көре аласыздар. 

Сондай-ақ онлайн-трансляция Қазақстан Үкіметі Telegram-каналында жүреді.