Ертең утильдік алымның жаңа мөлшерлері жарияланады

Ертең утильдік алымның жаңа мөлшерлері жарияланады
Сурет: Kapital.kz

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте министр утильдік алым мөлшері қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ертең атомобиль және ауыл шаруашылығы техникалары үшін утильдік алым мөлшерлемелері жарияланады. Ал «Оператор ӨКМ» компаниясынан мемлекетке берілген ақша туралы ақпарат бәріне мәлім деп ойлаймын. «Оператор ӨКМ»-нің екінші деңгейлі банктердегі шоттарында шамамен 220 млрд теңге болған. Қаулы бойынша бұл ақша «Жасыл дамуға» берілді. Ол ақшаның қаншасы жеңілдетілген автонесиеге бөлінетінін заңнама нормалары бойынша қараймыз», - деді Серікқали Брекешев.