Ертең телеарнадан Мемлекет басшысының сұхбаты көрсетіледі

Ертең телеарнадан Мемлекет басшысының сұхбаты көрсетіледі
Сурет: Inform.kz

«QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан көрсетіледі.

17 ақпан күні сағат 20:30-да «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.