Ертең Медеу ауданында суық су болмайды

Ертең Медеу ауданында суық су болмайды
Сурет: Zakon.kz

Себеп – технологиялық жабдықты ауыстыру жұмыстары.

«Алматы су» МКК тұрғындардан уақытша келтірілген қолайсыздыққа түсінікпен қарауды сұрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«9 тамызда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданының Құрманғазы - Төлебаев - Гоголь - Назарбаев; Чайковский - Назарбаев - Гоголь - Құрманғазы көшелері шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимарттарда уақытша суық су болмайды», - делінген «Алматы су» МКК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.