Ертең еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Ертең еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Сурет: Ашық дереккөз

Синоптиктер 20 қарашаға арналған ауа райы болжамымен бөлісті

Синоптиктер 20 қарашаға арналған еліміздегі ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын орын алады, ал солтүстік пен шығыс өңірде қар жауады.

Республикамыз бойынша тұман түсіп, көктайғақ болатыны болжанады, оңтүстік, шығыс өңірлерде желдің күшейеді, солтүстікте боран тұрады деп күтіледі.

Астанада ауа райы құбылмалы болады, аспанды бұлт басады, түнде және таңертең қар жауады. Солтүстік шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 12-14 градус аяз.

Алматыда ауа райы - құбылмалы, күн бұлтты. Аракідік жаңбыр жауады. Соққан желдің екпіні 3-8 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 8-10 градус жылы болады.

Шымкентте де ауа райы құбылмалы, күн бұлтты, аракідік жаңбыр жауады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 11-13 градус жылы.