Ертең Алматыда мамандықтар жәрмеңкесі өтеді

Ертең Алматыда мамандықтар жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Биыл Алматы қаласы бойынша 27588 оқушы 9 сыныпты бітіреді.

2024 жылдың 23 ақпан күні Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Алматы мектебі» жобасы аясында 9 сынып оқушыларына арналған «Жас маман 2024» мамандықтар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Мамандықты дұрыс таңдау түлектер мен ата-ана үшін өте маңызды. 

Осыған орай жәрмеңкеде мектеп бітіруші түлектерге арналып техникалық және гуманитарлық салаға бағыттау бойынша мамандар насихаттау жұмыстарын жүргізеді. 

Іс-шараның мақсаты: 9-сынып түлектерін кәсіптік мүмкіндіктердің кең ауқымымен таныстыру және оларды еңбек нарығында сұранысқа ие салаларға қызығушылығын ынталандыру, мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал ету. 

Бұл күні Алматы қаласының 30-ға жуық колледж өкілдері келіп елімізге қазіргі таңда қажеттілігі жоғары мамандық түрлерімен таныстырып, болашақ түлектерге семинар, шеберлік сағаттарын өткізеді.

Өтетін орны: Орынбор көшесі, 17, №64 мектеп
Күні мен уақыты: 2024 жыл 23 ақпан, сағат 10:00