Ерлан Қошанов Amanat партиясының жаңа төрағасы болып сайланды

Ерлан Қошанов Amanat партиясының жаңа төрағасы болып сайланды
Сурет: Egemen.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев партияның ХХІІІ сьезінде.

AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов съез делегаттарына ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ерлан Қошановты партия төрағалығына сайлау туралы ұсынысына дауыс беруді ұсынды. Дауыс бергендер Мәжіліс спикерінің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

«Құрметті Ерлан Жақанұлы, сізді барлық делегаттар атынан AMANAT партиясының төрағасы болып сайлануыңызбен құттықтаймыз», - деді Асхат Оралов.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр.

Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған.