Ерлік ұмытылмайды

Ерлік ұмытылмайды
Суреттер: О.Жолдыбай

Қайсарлық  қанмен келер қасиет!

Тәуелсіздіктік 30 жылдығы аясында, Алматыда  Ратай Сұлтанбековтың есімі мен ерлігін өскелең ұрпаққа  дәріптеу мақсатында іс-шарасы өтті.

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4  бөлімішесінде, қазақ батырының ерлігі дәріптелді. Кітапхана меңгерушісі Иманбаева Сағын Кәденқызы, немере інісі Кенішбек Сұлтанбековтың мұрындық болуымен айтулы шара болды. Аталаған жиынға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ермек Зікіриянов, еңбек ардагері Есет Амантаев  және коллдеж студенттері, оқушылар қатынасты.

Жиынды жазушы Ермек Жұмахметұлы ашты. Батыр Ратайдың қайсарлығын сөз етті. Екінші дүниежүлік соғыста, небәрі 21 жасында батальон басқарып, қиян-кескі ұрыста ерліктің ерен үлгісін көрсеткендігін айтты. Осының баршасы кітапқа жазылғандығын мәлімдеді. Содан кейінгі ойды туысы Кенішбек, жерлесі Есет ақсақалдар жалғады. Олар оғланның тарихтағы беделі, айбыны, жаужүректілігі, өр-рухтылығына тоқталды. Халқымыздың арда ұлының есімі өшпес үшін Алматыдан көше берілсе деген тілектерін де жеткізді.

Осылайша, қазақы нақышта қобыз, домбыра үні естілді. Патриоттық бағытта ән-күй шырқалып тарасты.

Ұлтына қызмет жасаған тұлғаның аты – тарихта алтын әріппен жазыларына сенеміз!