Еркін ЖУАСБЕК, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры: Серпіліс пен тың бастама

Еркін ЖУАСБЕК, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры: Серпіліс пен тың бастама

Бүгін ел тарихындағы саяси оқиға  референдумға №208 сайлау учаскесіне барып өз даусымды бердім.  Бұл күні еліміздің барлық сайлау учаскелерінде бір серпіліс пен тың бастаманың лебі байқалып тұрды.

Сайлауға келген әрбір азамат өзінің азаматтық міндетін мойындап, өз елінің өсіп – өркендеуі мен дамуына өз үлесін қосамын деген ниетте болғаны ақиқат.

Өзімізге естелік болсын деп, суретке түстік. Өйткені 1995 жылдан кейінгі жалпыхалықтық маңызды референдум өтіп отыр. Дауыс беріп,  саяси науқанға үлесімді қосу азаматтық борышым деп білемін.

Референдумда дауыс беру жұмысы бұл учаскеде жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр деп толық сеніммен айтуға болады.

Осы жасалған қадам халқымыз үшін құтты һәм қайырлы болғай!