Еркін күрестен Қазақстан командасы Алматыда жаттығу жиынын өткізеді

Еркін күрестен Қазақстан командасы Алматыда жаттығу жиынын өткізеді
Сурет: Olympic.kz

Бұл туралы команданың бас бапкері Мадияр Құрамысов айтты. 

Жылдың соңғы жаттығу жиынын балуандар тауда өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

"18 күн бойы тауда жаттығамыз. Жаңа жылда жаңа жарыстар күтіп тұр", - деді бас бапкер. 

Айта кетелік, Қазақстан еркін күрес шеберлері биылғы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды.

92 келідегі Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанған еді.