Ереванда ТМД мемлекеттерінің әскери жиыны өтті

Ереванда ТМД мемлекеттерінің әскери жиыны өтті
Сурет: Gov.kz

Ереванда ТМД мемлекеттері біріккен әскери байланыс жүйесінің жұмыс істеуі және оны дамыту мәселелерін талқылады.

ҚР Қорғаның министрлігінің дерегінше, Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы байланыс департаментінің бастығы, полковник Арман Қалижанов ТМД-ға мүше мемлекеттер Қарулы Күштері байланыс басшыларымен өткен Үйлестіру комитетінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы Күштері байланыс әскерлерінің басшылары біріккен байланыс жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамыту бойынша орындалған және жоспарланған іс-шараларды, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу кезінде байланысты ұйымдастыру ерекшеліктерін және басқа да ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысында Үйлестіру комитетінің алдағы бес жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды.

Сондай-ақ, ТМД-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің байланыс тораптарымен келесі жылға арналған бірлескен жаттығулар кестесі бекітіліп,  кезекті бірлескен кеңестің бастапқы күн тәртібі талқыланды.