Ердоған халықтан кешірім сұрады

Ердоған халықтан кешірім сұрады
Сурет: Ашық дереккөз

Зілзала кезінде құтқару жұмыстары кешіккен

Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында қайталанған 5,6 баллдық жер сілкінісінен Малатия қаласында 30 шақты үй осылай қирады. Бір адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды. Президент Реджеп Тайып Ердоған болса, алапат зілзала кезінде құтқару жұмыстары кешіккені үшін халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы мәлімдемені ол Адияман провинциясына барғанда жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

"Жер сілкінісінің жойқын әсері мен ауа райының қолайсыздығынан алғашқы бірнеше күнде қалауымызша жұмыс істей алмадық», - дейді Түрік Президенті.

Айта кетсек, бірер күн бұрын Ыстанбұлдың стадиондары мен көшелеріне мыңдаған адам жиналып, «Үкімет отставкаға кетсін!» деп ұрандатты.

Естеріңізге сала кетсек, ақпанның 6-да Түркия мен Сирияда болған жойқын дүмпулерден 50 мыңнан астам адам мерт болып, 520 мыңдай пәтер құлап, 1 жарым миллиондай тұрғын баспанасыз қалды.