Ерболат Досаев: Алматының Түрксіб ауданында 8 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Ерболат Досаев: Алматының Түрксіб ауданында 8 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді Сурет: Almaty.tv

Аудан экономикалық тұрғыдан дамыған.


Түрксіб ауданы қаланың өнеркәсіптік және көліктік-логистикалық хабы болып қалыптасқан. Ол Алматының өнеркәсіп көлемінің төрттен бір бөлігін (24,4%) құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Түрксіб ауданы Алматының өнеркәсіп көлемінің төрттен бір бөлігін (24,4%) құрайды және жыл сайын 7 млн. жуық адамды әуе көлігімен тасымалдауды қамтамасыз етеді. Аудан экономикалық тұрғыдан дамыған. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша, өнеркәсіпте (+31,6%), инвестиция тартуда (+34,8%) оң динамика байқалады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есе ұлғайды», – деді Досаев.



Сонымен қатар қала әкімі Түрксіб ауданында  8 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейтінін айтты.



«Ауданда 8 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді. Онда 47 мыңға жуық адам немесе ауданның еңбекке қабілетті халқының үштен бір бөлігі еңбек етеді.Дегенмен, Түрксіб ауданында инженерлік және тұрғын үй инфрақұрылымы жоғары деңгейде тозған. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңарту, тұрғын үй қорын реновациялау (594 ескі үй), абаттандыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қажет», – деді ол.


Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение