Ерболат Досаев қиын жағдайда қалған зейнеткерге көмектесуге уәде берді

Ерболат Досаев қиын жағдайда қалған зейнеткерге көмектесуге уәде берді
Сурет: Almaty-akshamy

Ардагер көмек сұрады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қарашаның 3 күні Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барасында зейнеткерге көмектесуге уәде берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шара барысында қала тұрғыны өз сұрағын қойды:  Құрметті Ерболат балам, мен отыз алтыншы жылы туғанмын және тыл еңбегінің ардагерімін. Бұрын үй сатып алғанмын. Бір аулада 3 адам тұрамыз. Сол көршілерімнің бірі маған қысым көрсетіп, үйімнен қуып шықпақшы. Мен далада қалатын болдым. Мен 80-нен өтіп 90-ға жеттім. Мен барлық жерде үкіметтің қорғауындамын. Енді біреу менің жерімді басып алып отыр.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:

« Аудан әкіміне тапсырма беремін, бүгін жеке өзі барып көрсін. Одан кейін маған ұсыныс береді, мәселені шешудің жолын іздейміз. Уайымдамаңыз, сізді қалдырмаймын», - деді қала әкімі.