Ерболат Досаев Алғабас шағынауданында жаңа қоғамдық көлік маршрутын қосуға тапсырма берді

Ерболат Досаев Алғабас шағынауданында жаңа қоғамдық көлік маршрутын қосуға тапсырма берді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгінгі Алмалы ауданындағы кездесуге Алғабастың тұрғыны арнайы әкімді іздеп барыпты.

Алғабастық тұрғын қоғамдық көліктің аздығына шағымдана келіпті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл тұрғынның сұрағы: Мен Алатау ауданынан келіп тұрмын. Мен Алғабас шағынауданында тұрамын, қалаға қосылғанымызға 8 жыл болды, ол жерде автобус жүрмейді, бізде 26 000 адам тұрады. Алғабаста бір ғана автобус жүреді, 115 бағытта, жүріс аралығы - 1 сағат, бізге қосымша автобус керек.

Қала басшысы бұл тұрғынға: «Мен бұл сұрақ бойынша қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Әуесханұлына тапсырма берейін. Қағаздарыңызды көрсін. Қыркүйектің басына дейін сұрақтарды шешеміз», - деп жауап берді.