Ералы Тоғжанов: «Босаңсуға ешқандай негіз жоқ»

Ералы Тоғжанов: «Босаңсуға ешқандай негіз жоқ»
Сурет: 24.kz

Себебі коронавирус инфекциясының жаңа штаммдары жедел тарап жатыр.

Бұл бүгінгі Үкімет отырысына қатысқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың сөзі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жалпы, еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткіші 1,7 есе төмендеді. Дегенмен бүгінде әлемде, оның ішінде көршілес елдерде, науқастар санының кезекті рет артуы байқалып отыр», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының жаңа штаммдары жедел тарап жатыр. «Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген скринингтің алдын ала нәтижесі вирустың мутациясын анықтады, ол «дельта» штамына тән екенін көрсетіп отыр. Осыған байланысты өңір әкімдерінен эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейтуді сұраймыз», - деді Ералы Тоғжанов.