Ер адамдар жемқорлыққа жақын

Ер адамдар жемқорлыққа жақын
Cурет: Aikyn.kz

Қылмыстың 83 пайызын ер адамдар жасайды

Елімізде тіркелген сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың 83 пайызын ер адамдар жасайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Қалған аз ғана бөлігіне әйелдер барған. Осылай ерлердің әйелдерге қарағанда қаржы жымқыруға әуес екені анықталып отыр.

Сот шешімдерінің дені Шымкент пен Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында шыққан. Сарапшылар соңғы үш жылдағы 1,5 мыңнан аса сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істі саралап, қорытынды жасаған. Сот актілерінің банкінде сақталған деректердің 11-іне Қылмыстық кодекстің сыбайлас жемқорлық бабы бойынша жаза қолданылғаны белгілі болды.