Епті болсаң – екі асайсың

Епті болсаң – екі асайсың
Сурет: Whttps://wpg.com.ua/

Ептілік - еті тірілікке алып келеді

Австралиялық дәрігер әрі психолог Зигмунд Фрейд «Әр адамның түйсігінде ешкімге айтпайтын тілек-арманы болады. Кейде өзі де мойындамайтын тым құпия қалауы болатыны рас» деп айтып кеткен екен. Жан тану іліміне сүйеніп айтылған сөздің арғы жағында үлкен шындықтың шеті көрініп жатыр. Олай болатынының өз себебі бар. Ел арасында «Армандар орындалады немесе шындыққа айналады» дейді. Сәл мән беріп, зер салсаңыз қуатты ой екеніне көз жеткізесіз. Әрбір адам ақылды, әрбір жан талапты. Ар жағындағы материалдық тұрғыдан алғанда аухатты болу, бай адамға айналу өз еркіңізде. Оған ешқандай шектеу жоқ. Адамзаттың психологиясымен айналысып жүрген мамандардың да кеңесі осы. Өйткені сізді келіп, ғайыптан ешкім көтеріп, барлығын жақсы етіп бермейді. Бәріне біртіндеп қол жеткізетін, тек қана өзіңіз. Сондықтан, әр уақытта өмірге позитивті қараған жөн. Фрейдтің айтпағыда осы.

Уақытты ұтымды пайдалану. Біздер үшін ең қажетті нәрсеғ ол – уақыт. Әрбір сағат маңызды. Әрбір сәт қадірлі. Онсыз алға қадам басу мұдай көрінеді. Біздер бұған дейінде үнемі осы тақылекттес пайымдарды келтіріп жүрміз. Десекте, бір ғана материал көлемінде жеткізіп, түгесіп тастай мүмкін емес екені анық. Сол себепті әрдайым пайымдаулар мен сараптауларды ұсынып келеміз.

Болашақ бүгіннен бастау алады. Өте қосылам осы ойларға. Неге десеңіз? Олай болатынынң өз жөні мен жосығы бар. Біртіндеп, өз армандарыңызға жақындай түсіңіз. Жәймендеп орындалады. Барлығы соған байланысты. Бұрыннан келе жатқан  «Асықпа, бірақ үнемі қозғалыс жаса» деген сөз бар. Бұл адамға сондай мотивация беретін пікір деп білеміз. Бұған шейін де айттық. Егер адамның алдына қойған мақсаты, мына деңгейге жетем деген мүддесі болмаса, барлығы далбаса. Сонымен қатар, халық арасында әрдайым қиыншылықты күліп жең дейді. Тегі рас айтылған ой.

Өз заманының данышпаны Һәкім Абай атамыз адам жаны туралы тереңдете жырлаған. «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға...» дейді. Арғы сөйлемдері басқалай жалғассада. Берер ой тым ауқымды. Қазіргі кезеңге шақ келіп тұрғандай. Көзі қарақты азамат осыдан біраз ой түйіп, алға қарай талпына алады. Арасынан қажеттісін алып, кәдесіне жаратады.

Түйін. Қазақ халқы дана ел. Біздің жұртымызда «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп жатады. Әрдайым мақсатың айқын болу керек сияқты. Онсыз қимыл болмайды, әрекет жасап та қатырмайсыз. Сондықтан әрқашан өзіңіздің тура бағытыңыздан танбаңыз. Сонда сізден мықты азамат шығады деген ойдамыз. Былайша топшылағанда, епті болсаңыз бәріне қол жеткізесіз демекпіз.