Эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша елдің орталық және солтүстік өңірлері "сары" аймақта

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша елдің орталық және солтүстік өңірлері "сары" аймақта
Сурет: Telegram

Алматы қаласы "жасыл" аймақта орналасқан

2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап. 

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
   
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.