Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Cурет: Ашық дереккөз

«Қызыл» және «сары «аймақта еш өңір жоқ

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 24 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» және «сары «аймақта еш өңір жоқ.

Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары орналасқан.