Эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Cурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның барлық өңірі «жасыл» аймақта тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» және «сары» аймақтарда ешқандай өңір жоқ.

«Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.