Эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Cурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның барлық өңірі «жасыл» аймақта

9 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған сәйкес, «қызыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлер жоқ.

Еліміздің барлық өңірлері «жасыл» аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.