Эпидахуал: еліміздің екі қаласы мен үш облысы әлі де "қызыл" аймақта

Эпидахуал: еліміздің екі қаласы мен үш облысы әлі де "қызыл" аймақта
Сурет: 365info.kz

Еліміздің басым өңірлері эпидемиологиялық ахуал бойынша сары аймақта орналасқан

2021 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сәйкес:

 «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары.

 «Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

 «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.