Еңлік-Кебек кесенесі ашылды

Еңлік-Кебек кесенесі ашылды
Сурет: Wkipedia.org

Шара Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орайластырылған.

Абай облысындағы Еңлік-Кебек кесенесі жаңғыртылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұхтар Әуезовтің мерейтойы туған жері Абай ауданында кең көлемде аталып өтуде.

«Үш күнге жоспарланған мерекелік шаралар Семей-Бөрілі-Қарауыл бағытында кезең-кезеңімен өтуде. Мерейтой Мұхтар Әуезовтің әке-шешесі Омархан мен Нұржамалдың кесенесіне барып құран бағыштаудан басталды. Артынша кемеңгер жазушының туған жері Бөріліде бес жасар түйені құрбандыққа шалып, Әуезов рухына тағзым жасалды», - делінген ақпаратта.

Жазушының 125 жылдығын атап өту жөніндегі республикалық жоспарға сәйкес, биыл 4 бағыт бойынша 82 іс-шара ұйымдастырылған.

«Абай ауданында іскер азаматтар мен жергілікті халықтың қолдауымен Кеңгірбай биге ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ жаңартылған Еңлік-Кебек кесенесінің салтанатты ашылуы болды. Әуезовтің мерейтойы туған жерінде үш күн бойы тойланбақ. Шара барысында, қазақша күрес, аламан бәйге, жорға жарыс, футбол, гала концерт өткізу көзделуде», - делінген хабарламада.