Энергетиктер спорттық ойындардан бақ сынады 

Энергетиктер спорттық ойындардан бақ сынады 
almaty-akshamy.kz

2022 жылдың 24-25 қыркүйек аралығында Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында VII спартакиаданың ақтық сыны өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Дүбірлі додаға «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ атынан 40 қызметкер қатысты.  Жалпы, еліміздің әр аймағынан  85 компаниядан 688 спортшы келген үздік командалар бірнеше спорт түрінен сайысқа түсті.

Атап айтқанда, шағын футбол, волейбол, стритбол,  армрестлинг, үстел тенисі, тоғызқұмалақ, арқан тарту және шахматтан  өнер көрсетті. Спорттық сайысқа барлық команда сақадай сай дайындалып келген. Өз кезегінде алматылық энергетиктер де аянып қалмады. «АЖК»АҚ  ұжымы қай қырынан алып қарасаң да, биіктен көрінетін кіл мықтылар екенін танытты. 
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен жарыста қызметкеріміз жүлделі орындарға ие болды. Өтеген батыр АЭТ контролері Индира Байжанова әйелдер арасында өткен армрестлингтан 1 орын иеленсе, жедел-диспечерлік басқармасының бөлім басшысы Динара Көбегенова шахматтан 3-орынды місе тұтты. «АЖК»АҚ командасы арқан тарту бойынша 2-орынды, волейбол бойынша 3-орынды иеленді. 
Компания басшылығы мен елуден астам қызметкер елордаға арнайы барып, әріптестеріне қолдау білдірді. Жарысқа қатысқан және жеңіспен оралған әріптестерімізге толағай табыстар тілейміз!