Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды
Cурет: Ашық дереккөз

Оның Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бары айтылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады, делінеді ҚР ҚМА хабарламасында.

Жұмабай Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, бүгін Үкіметтің баспасөз қызметі Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевтың қызметінен босатылғанын хабарлаған болатын.