Енді Рыбакина қола үшін сайысады

Енді Рыбакина қола үшін сайысады
Сурет: News.sportbox.ru

Рыбакина сүрінді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалында тізе бүкті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Токио Олимпиадасының жартылай финалында ол әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. 

Кездесу 2 сағат 44 минутқа созылып, Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Келесі кезекте Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы матчтан соң анықталады.