Енді ҰБТ-ға мектеп формасымен келудің қажеті жоқ

Енді ҰБТ-ға мектеп формасымен келудің қажеті жоқ
Сурет: Azh.kz

Биыл ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.

Талапкердің киіміне қатысты өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқушыларға Ұлттық бірыңғай тестілеуге еркін киіммен қатысуға рұқсат етілді. Сондай-ақ оқушыларға өзімен бірге су және шоколад алып кіруге болады.

"Құрметті талапкерлер! Сіздерге ҰБТ-ға мектеп формасымен келудің қажеті жоқ екенін айта кетейік. Яғни тестілеуге еркін киімде қатысуға болады. Бірақ этикаға сай, ұқыпты киініп келулеріңізді сұраймыз", - делінген Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.