Енді Туды қорлағандарға 10 млн теңге айыппұл салынады

Енді Туды қорлағандарға 10 млн теңге айыппұл салынады
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі айтты.

Қазақстанда рәміздерді қорлағандар 10 миллион теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің "Мемлекеттік рәміздерді қорлау" туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Еске сала кетейік, былтыр Алматыда "Ирина Кайратовна" мен Shiza концертінде топ мүшелері мемлекеттік туға құрмет көрсетпей, сахнада балағат сөздер айтқан еді.