Енді пойыздағы жоғарғы және төменгі орынға билеттер бір бағада сатылмайды

Енді пойыздағы жоғарғы және төменгі орынға билеттер бір бағада сатылмайды
Сурет: Ашық дереккөзі

Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды

Пилоттық режимде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін  коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды.

Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.

Сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:

1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;

2. № 51/52 «Алматы – Орал»;

3. № 105/106  «Алматы-Петропавл»;

4. № 71/72 «Астана-Шымкент»;

5. № 29/30 «Алматы-Атырау».