Енді партиялар арасында бәскелестік бұрынғыдан да күшейеді

Енді партиялар арасында бәскелестік бұрынғыдан да күшейеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміз басқарудың суперпрезиденттік формасынан түбегейлі бас тартатындығын, Парламенттің, мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейтіп, партиялық-саяси сала жаңғыртылатынын атап өтті.

Енді сайлаушылардың дауысы үшін бәсекелестік барынша өткірлене түседі. Сонымен қатар ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылу мәселесі қаралып, Саяси кеңес құрамына өзгертулер енгізілді.

Жалпы қазір партиялық жүйеде белсенді саяси партиялардың күшеюге бет ала бастағанын байқаймыз. Оның бір мысалы ADAL  партиясының AMANAT партиясына қосылу туралы шешімі. Партиялардың нығаю үдерісін қолдау қажет, ол азаматтық қоғамға, партиялар, қарапайым азаматтар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы диалогтың тиімділігіне оң әсер етеді.

Партиялар сайлаушылар үшін күрес барысында тұрғындардың проблемаларына жылдам жауап беруге, оларды шешу жолдарын ұсынып, жарияланған шаралардың орындалуына ұмтылады. Біз де AMANAT фракциясының мүшесі және мәслихат депутаты ретінде еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етеміз.