Енді қол ұстасып жүрмейді

Британ ханшайымы Меган Маркел күйеуі Гарри ханзадаға қолынан ұстауға тыйым салды. Мұндай дағды сырт көздің жеккөрушілігін туғызып, олардың абыройына әжептәуір нұқсан келтіретін көрінеді.

Оның кеңесшілері осындай ұйғарымға келген. Сондықтан патшайым әулетінің, отбасының үлкен-кішісі, оның ішінде ханшайымы, ханзадалары жұрт алдында бұлай жүрмеуге тиісті. Олардың отбасы адвокаты бұның дұрыс шешім екенін қолдайды.

 

Сыйақы – 1 млн. доллар

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті атақты бүлікшіл Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладенді тауып бергендерге 1 млн. доллар сыйақы жариялады. Олардың болжамынша, ол жүгірмек Орталық Азияның оңтүстігінде бой тасалап жүруі әбден мүмкін екен.

– Біздіңше ол ауған-пәкістан шекарасы аумағында немесе Иранға кетуі мүмкін, – дейді дипломатиялық қауіпсіздік бюросының басшысы М.Эваноофф.

Бұған дейін Хамза бен Ладен терроризмге байланысты айыпталған. Усама бен Ладеннің ұясы 2011 жылы талқандалған еді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *