Енді коронавирусты 4 минутта анықтайды

Енді коронавирусты 4 минутта анықтайды
minval.az

Қытай ғалымдары коронавирусты 4 минутта анықтайтын құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қытай ғалымдары коронавирусты небәрі 4 минуттың ішінде анықтайтын биосенсор ойлап тапты. Оның дәлдігі ПТР-тестке пара-пар. Құрылғыны әуежайда не үйде қолдануға ыңғайлы.

Жуырда Оңтүстік Корея ғалымдары да жарты сағат ішінде коронавирустың кез келген штамын анықтайтын биодатчик ойлап тапқан еді. Ол да жоғары дәлдігін көрсеткен.