Енді қандас мәртебесін онлайн алуға болады

Енді қандас мәртебесін онлайн алуға болады Сурет: Еgemen.kz

Бұрын бұл қызмет еліміздің ХҚКО-да және жергілікті атқарушы органдарда көрсетіліп келген.


Енді қолданушы ЖСН және электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы бұл қызметке eGov.kz порталында тапсырыс бере алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Қызметті алу үшін өтініш беруші барлық міндетті жолдарды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса беруі қажет. Тіркелген файлдар pdf немесе jpg форматында болуы керек», деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.



Өтінім берген кезде қолданушы қандас мәртебесін беру немесе ұзартуға қатысты отбасы мүшелері бойынша да мәліметтерді толтыра алады. Бұл ретте  отбасы мүшелерінің санына  шектеу жоқ. Бұдан әрі қолжетімді тәсілдердің бірімен сұрау салуға қол қою қажет.


Ұсынылған деректер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы тексеріледі.


Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 4 жұмыс күні. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет