Енді электронды әскери билет те қолжетімді болады

Енді электронды әскери билет те қолжетімді болады
Сурет: Tengrinews.kz

Әскери билетті цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

eGov Mobile қосымшасында 641 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин айтты.

«Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігімен бірге әскери билет, әскерге шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлікті цифрлық құжатқа шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді спикер.

Бұдан бөлек Ростислав Коняшкин аталған құжаттың қосымшада қай уақытта қолжетімді болатынына да тоқталды.

«Бұл жұмыс келесі жылы жүзеге асырылады деп ойлаймын. Биыл негізгі басымдықтар бойынша басқа міндеттерді жүзеге асырудамыз. Менің ойымша, бұл келесі жылдың бірінші жартыжылдығында қолжетімді болады», - деді ол.