Еңбек ұжымы ерекше ықылас танытты

Еңбек ұжымы ерекше ықылас танытты almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының білім басқармасына қарасты «Үміт үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жаңа Жолдауы талқыланды.


Amanat партиясының бастамасымен «Үміт үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ел Президентінің 1 қыркүйек күні жариялаған Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, еңбек ұжымына оның негізі бағыттары түсіндірілді. Айтылған жиында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымының докторы Мария Омарова спикер ретінде ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізді.



«Міне, бір айдан астам уақыт Президент Жолдауын талқылап жатырмыз. Себебі, әрбір Жолдау бұл – сіз бен біздің келешектегі мақсатымыз бен міндетіміз. Қыркүйектің бірінші жұлдызында жарияланған жаңа Үндеу «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атауымен шықты. Онда денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлінді. Әрине, денсаулық сақтау саласы болсын, ғылым саласы болсын, мәдениет саласы болсын, өте өзекті мәселелер көп. Бірақ оның ішінде Президентіміздің медицина проблемаларына назар аударып, өз сөзінде нақты шешімдер айтқаны көңіл қуантады. Әсіресе, ауылдардағы денсаулық сақтау саласына мән берілді. Нақты айтқанда, емдеу мекемесі жоқ 650 елді мекенде алдағы екі жылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілетіні айтылды. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналмақ. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Соның арқасында төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру көзделіп отыр», – деді Мария Омарова.



Сондай-ақ, М.Омарова Жолдау барысында айтылған өзге де маңызды мәселелерге тоқталды.



«Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Жолдауында сапалы дәрігерлерді дайындау мәселесіне де аса мән берді. Білім беру саласында сан емес, сапа басты орында екенін айтты. Оған қоса, резидентураның мемлекеттік грант көлемін 70 пайызға көбейту керектігін хабарлады. Өздеріңіз де білесіздер ғой, сапалы дәрігерлер жетіспейді. Сондықтан бұл - Қазақстан медицинасын дамытудағы өте тиімді қадам», – деді ол.



Айта кеткен жөн, Алматы қаласы білім басқармасының «Үміт үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбие мен білім беру функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық түрде құрылған, заңды тұлғаның мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме болып саналады. 1994 жылы «Бөбек» қайырымдылық қорының бастамасымен ашылған «Үміт үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - республикадағы ерекше, жаңа үлгідегі баламасы жоқ мекеме. Бұл мекемеге туғаннан 7 жасқа дейінгі денсаулығында кінәраты жоқ, ата-анасынан әлеуметтік жағдайының нашарлығына байланысты уақытша ажыратылған балалар қабылданады. Атап айтқанда, жалғызбасты студент аналар мен жалғызбасты әкелер немесе асыраушысының біреуінен айырылған балалар келіп түседі де, өз мүмкіндігі асырау халіне жеткен кезде алып кетеді. Қазіргі уақытқа дейін 604 бала тәрбиеленіп, отбасына оралып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09