Еңбек ұжымдарындағы ереуілдерді реттейтін заңнама әзірленеді

Еңбек ұжымдарындағы ереуілдерді реттейтін заңнама әзірленеді
inform.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еңбек ұжымындағы ереуілдерді реттейтін заңнамалық база әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Еңбек ұжымдарында санкция берілмеген ереуілдер мен шерулердің белең алғанын ескерсек, жұмысшылардың талаптарын айту процедураларын заңнама аясында оңтайландыру керек. Еңбек даулары туындаған жағдайда, оны шешудің нақты заңнамалық үлгілері айқындалуы қажет. Мұндай шара еңбек дауларын құқық аясында шешуге мүмкіндік береді», - деді Ералы Тоғжанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.