Еңбек инспекторлары үш мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Еңбек инспекторлары үш мыңнан астам  жұмыскердің құқығын қорғады
Сурет: Neg.by

Оларға 752,7 млн теңге төленді.

Еңбек министрлігі мемлекеттегі жұмыскерлердің құқығы қалай қорғалатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 230 кәсіпорнында 4,4 мың жұмыскердің алдында 866,4 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 134 нұсқама беріліп, 27 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 752,7 млн теңге төленді.