Еңбек инспекторлары екі айда 500-ден астам жұмыскердің құқықтарын қорғаған

Еңбек инспекторлары екі айда 500-ден астам жұмыскердің құқықтарын қорғаған Сурет: Zhiznteatr.mirtesen.ru

Оларға 90,2 млн теңге төленді.


Мемлекеттік еңбек инспекторлары үстіміздегі жылдың екі айында 500-ден астам адамның құқығын қорғап бергенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 44 кәсіпорнында 890 жұмыскердің алдында 159,1 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Нәтижесінде осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 12 нұсқама беріліп, 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.


Қабылданған шаралардың арқасында жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 516 жұмыскердің құқықтары қорғалған. Оларға 90,2 млн теңге төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46

09:23

08:41

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49