Еңбек инспекторлары 14 мыңдай қазақстандық жұмыскердің құқығын қорғады

Еңбек инспекторлары 14 мыңдай қазақстандық жұмыскердің құқығын қорғады
Сурет: 24.kz

Оларға 3 млрд 313 млн теңге төленді.

Жыл басынан бері Қазақстанның еңбек инспекторлары 13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 618 кәсіпорнында 15,4 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 556,7 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады»,- делінген Еңбемині баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 562 нұсқама беріліп, 98,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд 313 млн теңге төленді.