Ең жоғары температура Қызылқұмда тіркелді

Ең жоғары температура Қызылқұмда тіркелді Сурет: ашық дереккөз

Түркістан облысы бойынша ең жоғары ауа температурасы Қызылқұм ауылында тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 


«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, өңірде ең жоғары ауа температурасы Қызылқұм аймағында тіркелген.


«Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Қызылқұмда 44,2 градус болды. Ал, Түркістан қаласында – 42,7, Шымкентте – 40 градус ыстық тіркелді. Бүгінгі күннің ең соңғы мәліметтері сағат 21:00-де белгілі болады», - делінген синоптиктердің ақпаратында.


Ал, облыс тұрғындары әлеуметтік желіде аптап ыстыққа байланысты түрлі видеолар таратып жатыр. Бірі жұмыртқаны күнге пісіріп эксперимент жасаса, енді бірі көлігіндегі өлшегіштің көрсеткішін жүктеді. Ал, велосипедпен желдеткіш алып кетіп бара жатқан тұрғынның әрекеті көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ол құдды бір велосипедіне үлкен желдеткіш қосып алғандай көрінген. Желі қолданушыларының жазуынша, оқиға Түркістан қаласында түсіріліпті.







Айта кетейік, кеше Түркістан облысында күн райы 45 градусқа дейін көтерілетінін жазған болатынбыз.


«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, аптап ыстықтың екпіні ертеңнен бастап түсе бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55