Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген

Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген Сурет: Ritmeurasia.org

Елімізде электромобильдер саны айтарлықтай артып, 65%-ды құрады.


Дейтұрғанмен бұл көрсеткіш өте аз, себебі олардың саны 800-ден сәл асады. Яғни, электромобильдер отандық автотұрақтардың 0,02% құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Биыл жыл басында Қазақстанда аралас жанар-жағармаймен жүретін 322,4 мың жеңіл автокөлік болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% артық. Мұндай автомобильдердің еліміздегі жалпы үлесі - 8,2%.


Көлік жасаушылардың айтуынша, гибридті автомобильдердің ауаны ластау көрсеткіші жоғары.


Тәуелсіз топтар жүргізген сынақ растағандай, гибридті типтегі көліктер зертханалық мәліметтерге қарағанда жанар-жағармайды көбірек тұтынады.


Аралас жанар-жағармаймен жүретін жеңіл көліктердің басым бөлігі Маңғыстау облысында тіркелді. Аталған өңірде 74,3 мың авто бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6% артық.


Екінші және үшінші орында Ақтөбе (35,8 мың, 6,4% артық) және Түркістан (23,1 мың, 27,7% артық) облысы орналасқан.


Ал мұндай көліктер бойынша азшылық Ұлытау (барлығы 229), Абай (295) және Жетісу (409) облыстарына тиесілі. Жағдай аталған облыстардың жақында қалыптасуымен түсіндіріледі.



Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген. Қазір қалада 420 авто бар, ал өткен жылдың басында тек қана 43 автокөлік болған. Екінші қатарда орналасқан СҚО-да 108 автокөлік бар. Көшбасшылардың үштігін елорда жауып отыр. Онда биыл 61 автомобиль тіркелген, бір жыл бұрын 35 болған.



Bureau of Transportation Statistics соңғы мәліметтері бойынша, 2021 жылы әлемде бензинмен жұмыс істейтін 799 мың жаңа гибридті жеңіл автомобильдер сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 75,6% көп.


Қосылатын модулі бар гибридті электромобильдердің 173,5 мың данасы сатылды. Жылдық өсім - 2,5 есе.


Электромобиль сатылымы 459,4 мыңға дейін артып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 92,6% өсті.


Heycar мәліметтері бойынша, өткен жылы электромобильдер сатылымы 40% өсті. Әрбір оныншы жаңа көлік электрлі болды.


Жаңа Tesla Model Y 2021 жылы көшбасшы болған Tesla Model 3-тен кейін былтыр ең көп сатылатын электромобиль атанды. Жалпы алғанда, өткен жылы әлем бойынша 1,6 миллион жаңа көлік тіркелді.


Көрсеткішті 2021 жылмен салыстырсақ, 2% аз. Оған автоөнеркәсіп саласына пандемияның тигізген теріс әсері және жартылай өткізгіш микросхеманың жаһандық жетіспеушілігі себеп болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21